34 жастағы «Тараздың» шабуылшысы Мұрат Тлешев «Ертіс» қақпасына екі гол соғып, Қазақстан чемпионатындағы голдарының санын 147-ге жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Олег Литвиненконы қуып жетті.

Тлешев өз голдарын «Ақтөбе» (30 гол), «Шахтер» (15), «Астана» (11), «Ордабасы» (6), «Ертіс» (62), «Жетісу» (7) және «Тараз» (16) сапында жүріп салған.

Сонымен қатар, Мұрат Қазақстан Кубогында (23 гол), Чемпиондар лигасында (4), Еуропа лигасында (2), Достастық Кубогында (3) және Қазақстан ұлттық құрамасында (1) гол соқты. Жалпы алғанда шабуылшы қарсылас қақпасын 180 рет дәл көздеген.

Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергендері:

Нұрбол Жұмасқалиев – 150 гол;

Олег Литвиненко – 147 (310 матч);

Мұрат Тлешев – 147 (353 матч);

Нүркен Мазбаев – 142;

Андрей Мирошниченко – 115;

Ұлұқбек Бақаев – 111.