Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси командасы әлем чемпионатының ақтық матчында бар күшін салуға ниетті екенін айтты.

«Әлем чемпионы атағы үшін жеке рекордттарымның бәрін берер едім, - деді Лионель. – Ойыншы үшін әлемдік додада топ жару – ең үлкен жетістік. Сен оны жасөспірім кезіңде армандайсың, ал ол арман ешқашан жоғалмайды.

«Барселонадағы» әріптестерім Хави, Иньеста және Пикеден әлем чемпионатының кубогын көтергенде қандай сезімде болғандарын сұрадым. Олар сөзбен жеткізу қиын екенін айтты. Біз Аргентинаның арманын орындау үшін бар күшімізді саламыз».

Естеріңізге сала кетсек, Аргентина құрамасы 13 шілдеде мундиальдың финалында Германияға қарсы кездеседі.