Қазақстан Премьер Лигасының 20-шы туры аясында Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» шымкенттік «Ордабасыдан» ұтылды. 

Қос команда да бүгін қалай болса да үш ұпайға жармасып қалу керек болды. Өйткені тек үш ұпайдың ғана емес, алғашқы алтылыққа кіру тағдыры да шешілетін еді. Бірінші таймда аса қаіпті жағдай орын ала қойған жоқ. Тек алма кезек шабуылдың бірінде Демель қақпаға соққы бағыттаған болатын, алайда Григоренко өз қақпасына берік. Алғашқы таймның соңына таман Демель тағы бір соққымен көзге түсті, бірақ қақпа бағанасынан биік кетті. Екінші таймда шымкенттік команда сапынан тыңнан Гридин қосылып,  «Ордабасының» шабуылына қан жүрді. 61-ші минутта Нұрғалиев қақпашымен жеке шыққан тұста Кадио соққы жасатпай, оны шалып жықты. Айып добын орындаған Касьянов жойқын соққысымен Плотников қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін қос қақпаға гол соғылған жоқ.
 
Осылайша, шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда үш ұпай олжалап, алғашқы алтылыққа кіру мүмкіндігін жақсартты. Ал «Жетісу» болса керісінше жағдайын қиындатып алды.
 

Қазақстан Премьер-Лигасы. 20-шы тур

«Жетісу» – «Ордабасы» 0:1 (0:0)

Гол: Касьянов 61

«Жетісу»: Плотников, Сариев Р. (Сариев С.), Родионов, Кузьмин, Шаихов, Кадио, Данилюк, Ковалев, Демель (Тәтішев 57), Путинчанин, Шафф

«Ордабасы»: Григоренко, Қожабаев, Мухтаров, Фрейре, Сүйімбаев, Аширбеков (Гридин), Бейсенов, Кудела, Касьянов, Нургалиев, Юнузович

Төреші: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)

Ескертулер: Демель 44, Кадио 63 – Кудела 60, Суюмбаев 90