Шымкенттік команда бұл жеңісінен кейін турнир кестесінің төртінші сатысына жақындап қалды.

Талдықорғандағы кездесу шымкенттіктердің шабуылдарынан басталды. Ойынның бесінші минутында Артем Касьяснов есепті ашатын мүмкіндікті жіберіп алды. Оның соққысына дәлдік жетіспеді. Содан соң, Демель Фрейрега қарсы ереже бұзып бас төрешіден сары қағаз алды. Бірінші таймда есеп ашылмады.

Екінші таймның 61-ші минутында Касьянов есеп ашты. «Жетісу» ойыншылары есепті теңестіруге ұмтылғанымен бұдан нәтиже шықпады. Ойын соңына дейін есеп өзгермеді. Осылайша, шымкенттіктер минималды есеппен жеңіске қол жеткізді.  

 

 

 

Футболдан Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 20-ші тур.

«Жетісу» – «Ордабасы» 0:1 (0:0)

Гол: Касьянов 61

«Жетісу»: Плотников, Сәриев Р. (Сәриев С.), Родионов, Кузьмин, Шаихов, Кадио, Данилюк, Ковалев, Демель (Тәтішев 57), Путинчанин, Шафф

«Ордабасы»: Григоренко, Қожабаев, Мухтаров, Фрейре, Суюмбаев, Әшірбеков (Гридин), Бейсенов, Кудела, Касьянов, Нұрғәлиев, Юнузович

Бас төреші: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)

Ескерту алғандар: Демель 44, Кадио 63 – Кудела 60, Суюмбаев 90