Футболдан ел чемпионатының 20-шы турында «Тараз» өз алаңда «Ертісті» қапы қалдырды.

Есепті алаң қожайындарының үздік бомбардирі Мұрат Тілешев ашты. 36-шы минутта Константин Дудченко есепті теңестірді. Араға төрт минул салып, Мұрат дубльдің авторы атанды. Екінші таймда оңтүстік қазақстандықтар «Ертістің» қақпасына үш жауапсыз гол соғып, ірі есеппен жеңіске жетті. Гол соққандар: Жақып Қожамберді, Корнелес Уиббинк пен Олександр Яровенко.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 20-шы тур.

«Тараз» - «Ертіс» - 5:1 (2:1)

Голдар: Тілешев 17, 40,Қожамберды 75, Уббинк 83, Яровенко 91 – Дудченко 36