Қарағандылық «Сарыарқа» сапын жаңа төрт ойыншы толықтырды, деп хабарлайды eurohockey.com.

«Барыстан» «Сарыарқаға» шабуылшы Михаил Паньшин ауысты. Былтырғы маусымда Паньшин «Барыс» сапында 17 матчқа қатысып 5 (3+2) ұпай жинады. 

Украина құрамасының шабуылшысы Дмитрий Нименко мансабын кеншілер сапында жалғастырады. Украиндық хоккейші былтырғы маусымды «Компаньоне-Нафтогаз» сапында өткізіп, 29 кездесуде 22 (7+15) ұпай жинаған болатын. 

Сондай-ақ, Словакия чемпионатынан екі ойыншы 27-жастағы чехиялық Мартин Хован мен 23-жастағы словакиялық хоккейші Матус Райс қарағандылық командамен келісімшартқа отырды.