ҰБЛ-ның көшбасшы спортшысы Леброн Джеймс «Кливленд Кавальерс» сапына ауысты. 
 
Леброн Джеймс Флоридадан кетіп өзінің бұрынғы клубы «Кливленд Кавальерспен» төртжылдық келісімшартқа отырды. Төрт жыл ішінде белгілі баскетболшы жыл сайын 20 миллион доллар жалақы алады.  
 
Естеріңізге сала кестек, 2010-шы жылы Джеймс «Кливлендтен» «Майами Хитке» ауысқан болатын.