Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навас спорттық мансабын мюнхендік «Бавария» клубында жалғастырады, деп хабарлайды «Р-Спорт».

Мюнхендік «Бавария» 27 жастағы қақпашыны өз қатарына қосу үшін испаниялық «Левантеге» 10 миллион еуро төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, Кейлор Навас «Леванте» сапында 2011 жылдан бері ойнаған. Осы жылы әлем чемпионатында Коста-Рика құрамасының намысын қорғап, шеберлігімен әлемді тәнті етті.