УЕФА Еуропа лигасының 2-ші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» – «Эсьберг» матчына билет сатылымға шықты, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

12 шілде сағат 12:00-ден бастап Алматыдағы Орталық Стадионның кассасында билеттер сатыла бастады.

Естеріңізге сала кетсек, УЕФА Еуропа лигасының 2-ші іріктеу кезеңінің «Қайрат» – «Эсьберг» арасындағы матчы 17 шілдеде өтеді.