Аргентинаның даңқты футболшысы Диего Марадона Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколаридің әлем чемпионатындағы сәтсіздігіне құрама сапын дұрыс жасақтамағандықтан дейді. Оның ойынша Кака мен Роналдиньоны алмағаны үлкен қателік.

«Әрине, қазір бәрін айта беру оңай нәрсе. Бірақ мен Сколаридің орнында болсам Кака мен Роналдиньоны құрамаға алатын едім. Өздеріңіз көрдіңіздер Бразилия құрамасына әлем чемпионатында тәжірбие жетіспеді. Кака мен Роналдиньо ойыншыларды бір бірімен паспен жалғап әрі Неймарды паспен жабдықтап тұратын еді», - деді Марадона.