ФИФА 2014 жылғы әлем чемпионатының ең үздік жас футболшысына үміткер ойыншылар тізімін жария етті.

Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Мемфис Депай, Франция құрамасының қорғаушылары Поль Погба мен Рафаэль Варан әлем чемпионатының үздік жас футболшысы жүлдесіне үміткер.

Әлем біріншілігінің ақтық кездесуіне дейін тілшілер мен ФИФА-ның мүшелері ең үздік жас ойыншыны дауыс беру арқылы анықтайды.