«Барселонаның» бұрынғы футболшысы әрі лондондық «Арсенал» сапын жаңадан толтырған чилилік ойыншы Алексис Санчес жаңа командасына ресми түрде таныстырылды.

«Арсенал» жақсы ойын өрнегін көрсетеді, ал Венгердің ойын үлгісі менікіне ұқсас. Сондықтан мен осы команданы таңдадым. Арсен Венгердің ойын үлгісі Чили құрамасының стиліне ұқсайды, ал маған ол ойын үлгісі ұнайды.

Лондондық «Арсенал» сапында ойнайтын алғашқы чилилік болғаныма қуаныштымын», — деді Алексис Санчес.