Қатарынан алты матч бойы жеңіске жете алмаған ақтөбеліктер өз алаңында қостанайлық «Тобылды» жеңді.

 

Әйтсе де кездесу ел чемпионы үшін сәтсіз басталды. Матчтың бесінші минутында «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Томаш Шимкович есеп ашты. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Юрий Логвиненко таразы басын теңестірді.  

 

Екінші таймда ақтөбеліктер қонақтарды қыспаққа алып, Александр Петуховтың қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Алдымен, Алексей Антонов есепті еселесе, артынша Игорь Зенькович жалпы есепті қорытындылады - 3:1. 

 

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Тобыл» (Қостанай) 3:1 (1:1)

Голдар: 0:1 – Шимкович (5), 1:1 – Логвиненко (43), 2:1 – Антонов (58), 3:1 – Зенькович (62)