Футболдан Уругвай құрамасы мен «Ливерпульдің» шабуылшысы Луис Суарес каталондық «Барселона» сапына ауысты. 

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 27-жастағы футболшы каталондықтармен бесжылдық келісімшартқа отырды.

Естеріңізге сала кетсек, Суарес әлем чемпионатында Кьеллинидің иығын тістегені үшін футболдан төрт айға шеттетілген болатын.