Александр Недовесов Голландияның  Схевенинген қаласында өтіп жатқан Sport1 Open додасының  «Челленджер» сериясында ширек финалға шықты.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші екі сетте француз Венсан Мийоны жеңді  – 6:4, 6:2.

Недовесов келесі қарсыласы бельгиялық теннисші Давид Гоффен болмақ.