Бразилия құрамасының жанкүейері непалдық қыз Германияға қарсы өткен жартылай финалдық кездесуден соң бөлмесінде асылып қалған, деп хабарлайды eurosport.ru.

Жанкүйер қыз сүйікті командасының ұятты жеілісін көтере алмай, өзіне өзі қол жұмсаған.

«Ол Бразилия құрамасын финалда ойнағанын қатты қалаған еді. Кейбіреуі оны жартылай финалдық кездесуден соң мазақтаған болатын. Ертеңгі күні оны бөлмесінен өлі күйінде тауып алды», - деді сақшы қызметкер тілшілер қауымына.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалда Германия құрамасы алаң иелері Бразилияны 7:1 есебімен ойысырата жеңген болатын.