«Тур де Франс» көпкүндігінің бесінші кезеңі аяқталды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қазақстандық «Астана» командасының италиялық велошабандозы Винченцо Нибали сары жейдені сақтап қалды.

Бельгияның Ипр мен Аренберг қалалары арасыданғы 152,5 шақырымға созылған кезеңде Винченцо Нибали мәреге үшінші келді. Оның уақыты – 3 сағат, 18 минут және 54 секунд.

Ол бұл кезеңде жеңіске жеткен «Belkin» командасының голландиялық велошабандозы Ларс Бомнан 19 секунд қалып қойды. Ал екінші орынды «Астана» командасының тағы бір өкілі - даниялық Якоб Фульсанг иеленді.

Жалпы есепте Винченцо Нибали командаласы Якоб Фульсангтан 2 секунд және «Liquigas-Cannondale» командасының словакиялық велошабандощы Петер Саганнан 44 секунд алда тұр.

Ал испаниялық Альберто Контадор бұл кезеңде «Астана» капитанына 2 минут және 34 секунд ұтылып қалды. Ол жалпы есепте 19-шы орында.

Айта кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің қазіргі чемпионы Кристофер Фрум бесінші кезеңнің 85-ші шақырымыда құлап, веложарыстан шығып қалды. 29 жастағы британдық оң қолын жарақаттап алып, жарысты жалғастыра алмады.

Ертең, 10 шілде күні «Тур де Франс» көпкүндігінің алтыншы кезеңі аяқталды. Велошабандоздар 194 шақырымға созылатын Аррас пен Реймс аралығындағы қашықтықты бағындырады.

Сонымен қатар, бесінші кезеңнен кейін «Астана» командалық есепте бірінші орынға шықты. Елордалық ұжым екінші орындағы «Belkin» командасынан 4 минут және 18 секунд алда тұр.

 

«Тур де Франс» веложарысы. Бесінші кезе қорытындысы

1. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 20:26:46

2. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – + 0:02

3. Петер Саган (Словакия, Cannondale) – +0:44

4. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma-Quickstep) – +0:50

5. Фабиан Канчелара (Швейцария, Trek Factory) – +1:17

6. Юрген ван ден Брук (Бельгия, Lotto-Belisol) – +1:45

36. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – +5:32

48. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – +12:50

56. Льюве Вестра (Нидерланды, Astana Pro Team) – +14:31

86. Максим Иглинский (қазақстан, Astana Pro Team) – +22:21

87. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) – +22:21

119. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – +28:20

185. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – +46:52