Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Михаил Паньшин енді қарағандылық «Сарыарқа» командасында ойнайтын болады, деп хабарлайды kazsporttv.kz сайты.

31 жастағы хоккейші Минскте өткен Әлем біріншілігінде 7 ойын өткізіп, 2 (1+1) ұпай жинаған.

Михаил Паньшин Қазақстанда 2009 жылдан бері ойнайды. Атыраулық «Бейбарыс», павлодарлық «Ертіс» және астаналық «Барыс» командаларының хоккейшісі болған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы.