Назарларыңызға «Кукеси» мен «Қайраттың» бас бапкерлері қатысқан ойын соңындағы баспасөз мәслихатын ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетсек, бірінші ойында жеңіске жеткен «Қайрат» қарымта кездесудегі тең есептен (0:0) кейін Еуропа лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Алматылықтардың ендігі қарсыласы даниялық «Эсьберг» болмақ.

«Кукеси» ФК-ның бас бапкері Агим Цанай:

 – Біздің команда мен «Қайраттың» бір ғана айырмашылы бар. Қарсыласымыз алты ай бойы ойнап келе жатыр, ал Албания чемпионаты әлі басталған жоқ. Жалпы бұл жақсы ойын болды, бірақ біз үшін сәтті емес. «Қайратқа» келесі кезеңде сәттілік тілейміз.

«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Владимир Вайсс:

 – Бірінші ойын біздің пайдамызға шешілген соң бүгін алаң иелері алыстан пас асырып, басымдықты өз қолына алуға тырысатынын білдік. Қарсыласымыздың еурокубоктық тәжірибесі мол, «Қайрат» сегіз жылға созылған үзілістен кейін қайта оралды. Бірақ бізде де тәжірибелі футболшылар бар және олар бүгін көп көмектесті. «Кукеси» - мықты команда, «екінші қабатта» жақсы ойнайды. Бұл ойында басымдық 50 де 50 болды, бірақ біз бірінші матчта гол соқтық, соның арқасында келесі кезеңге өттік. Қарсыласымыздан 10 нөмірді (Соколь Цикалеши – Авт.) атап өткім келеді. Ол, шынымен де, жақсы ойыншы.

fckairat.kz