Қарағандыда өткен УЕФА Еуропа лигасының қарымта кездесуінде «Шахтердің» капитаны Андрей Финонченко жасындай жарқылдады. Ол екі гол соғып қана қоймай, команданың нағыз көшбасшысы болды. Ойыннан кейін Финонченко қуанышын жасырмады.

«Ширакты» артта қалдырып, екінші раундқа шығуға міндетті болдық. Бүгін алаңда көп нәрсе қолдан келді, жанкүйерлердің де қолдауы көмектесті. Екі гол соға алғаным – бүкіл команданың еңбегі. Лайықты жеңіске жеттік деп есептеймін. УЕФА Еуропа лигасындағы қалған ойындарға дайындаламыз, былтырғы табысымызды қайталап, тағы да топтық кезеңге өткіміз келеді», - деді Финонченко «PROСПОРТ» тілшісіне.