Екінші таймда «Ширктың» бас бапкері Вардан Бичахчян алаңға шабуылдаушы жартылай қорғаушы Тигран Давтянды жіберді. Армениялық футболшылар ойынды теңестіріп, алаң иелірінң қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасады.

«Шахтер» бүгін жеңіске лайықты болды», - деді Давтян алаңнан кетіп бара жатып, – «Біз қай тұрғыдан алғанда да жеңілдік, командамыз маусымаралық үзілістен кейін енді-енді өз ойынын тауып келе жатқаны көрініп тұр. Алаң иелері қашан да қозғалыста болды, оның үстіне, қарағандылықтардың қорғаушылары «екінші қабаттағы» барлық допты алып шықты. Қарсыласымыздың ойынына бейімделе алмадық. Стадионға бірнеше мың жанкүйер келетінін күтпегенбіз, олар өз командасына қолдау көрсетіп, футболшыларды алға ұмтылуға жігерлендірді. «Шахтер» биыл өзін әлі көрсетеді».