Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» сырта алаңда албаниялық «Кукесимен» тең түсіп, келесі кезеңге шықты.

 

Еуродода ел намысын соңғы болып алматылық ұжым қорғады. Осыған дейін қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» клубтары қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алып қойған болатын. Жеңісті жолды «Қайрат» та жалғады.

 

Албанияда өткен кездесу қызықты болуі тиіс еді. Өйтені алғашқы ойын бір доп айырмасымен алматылықтардың пайдасына шешілген болатын. 9-шы минутта матчтағы алғашқы қауіпті шабуыл жасалды. Жерар Гоу қақпа алаңына еніп барып соққы жасағанымен, «Кукеси» қақпашысы допты сәтті қайтара білді. Алғашқы минуттарда албаниялық команда шабуылдауға тырысса, ойын ортасынан бастап Владимир Вайсс шәкіртері толықтай басымдыққа ие болды. . Екінші кезеңде «Кукеси» бірнеше қауіпті шабуыл жасады, алайда кездесу алматылықатрдың айтқанымен өрбіді. Алғашқы матчтағыдай емес, албаниялық команда қорғаныста жатпай, шабуылға шықты. Кейбір сәтте тіпті гол соғып кете жаздағандай. Дегенмен «Қайрат» жанкүйерінің бақытына орай, Хомич қақпасы голдан аман қалды.

 

90 минут ішінде таблодағы есеп мәні ашылмады. Осылайша екі кездесу қорытындысы бойынша 1 доп басымдығымен Вайсс шәкірттері келесі кезеңге шықты.

 

«Қайраттың» келесі айналымдағы қарсыласы даниялық «Эсьберг» болмақ.

 

Еуропа Лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі. Қарымта кездесу

 

«Кукеси» - «Қайрат» - 0:0 (0:0)

 

«Кукеси»: Халили, Смайляй, Душкай, Халачи, Бицай, Алмуча (Шамети 72), Мусоли, Луштаку (Хюса 59), Цикалеши, Ходжа (Перич 80), Пейич

«Қайрат»: Хомич, Плиев, Гурман, Кислицын, Смаков, Михалик, Исламхан (Ли 90+1), Кнежевич (Лунин 46), Бакаев, Едигарян (Исаэл 63), Гоу

Төреші: Нил Дойл (Ирландия)

Ескертулер: Душкай 73, Цикалеши 90+4 - Кислицын 29