Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері  Юрий Красножан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында өткен «Шахтер» – «Ширак» кездесуіне қатысты.

Қарағанды қаласында өткен кездесуде жергілікті «Шахтер» Армениядан келген қонақтарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Алғашқы матч Виктор Кумыков шәкірттерінің пайдасына  2:1 есебімен аяқталған болатын. Қос кездесу қорытындысы бойынша «Шахтер» келесі кезеңге шықты.