Қазақстан футбол федерациясы ойыншылардың азаматтықтарының туралығына байланысты жұмыстық комиссия құрды,  деп мәлімдейді футбол федерациясының ресми сайты.

БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға жәнеп «Мегополис» газетінің Қазақстан футбол федерациясына жолдаған ресми үндеуіне байланысты ҚФФ вице-президенті Олжас Абраевтың төрағалығымен арнайы комиссия құру туралы шешім қабылданды. 

«Жақын уақытта есімдері БАҚ беттерінде аталып жүрген футболшылардың куәліктерінің заңдылығын анықтау үшін тиісті мемлекеттік мекемелерге сұрату жібереміз. Аталмыш футболшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығын заңды немесе заңсыз жолмен алғандары туралы қосымша ақпараттарды мемлекеттік мекемелердің жауаптарынан кейін жариялайтын боламыз», - деп жазады kff.kz сайты.