Футболдан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» өз алаңда армениялық «Пюниктен» басым түсті.

Армениядағы кездесуде қарсыластарын аямаған астаналықтар өз алаңында да жеңіске жетті. «Астана Аренадаға» ойын 2:0 есеппен аяқталды. Алдымен, Бауыржан Жолшиев әдемі соққымен есепті ашты, артынша Дмитрий Шомко алыстан жойқын соққымен жалпы есепті қорытындылады – 2:0.

Осылайша, «Астана» қос ойынның қорытындысы бойынша 6:1 есеппен жеңіске жетіп, келесі кезеңде израильдік «Хапоэль» Тель-Авив командасымен күш сынасады.

Еуропа Лигасы. 1-ші іріктеу кезең

«Астана»-«Пюник»-2:0

Голдар: Жолшиев, 13, Шомко, 79