Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде армениялық «Ширак» пен қарағандылық «Шахтер» күш сынасып, келесі кезең жолдамасын сарапқа салды.

Алғашқы матчты «Шахтер» 2:1 есебімен армениялық қарсыласын қапы қалдырған болатын. Енді қарымта ойында «Ширак» жеңіске жетуді ойласа, қарағандылық команда өз тәжірбиесіне сеніп ойнады.

сырт алаңда өткізіп, голды алаң иелері соқты. 13-ші минутта «Шахтер» ойыншылары шабуылға сол қапталмен шыққан болатын. Ұлан Қонысбаев  екі қорғаушыны қапы қалдырып барып, команда капитаны Финонченкоға пас асырды. Андрей допты өз иелігіне бағындырып барып, қақпаға соққы жасады. Ермаков допты қайтарғанымен қорғаушының аяғына тиіп қақпа торына кірді.

27-ші минутта Ұлан есепті еселеді. Оң қапталдан басталған ұмтылыста Топчагич Қонысбаевті сәтті тапты. Әулеген допқа бірінші жеткен Ұлан баспен «Ширак» қақпасын дәл көздеді.

Алғашқы таймның соңында қарағандылықтар есепті 3:0-ге жеткізді. Бұрыштама добын көтергеннен кейін Покривач соққы жасап, есепті іріге дейін жеткізді.

Екінші таймда алаңға «Ширак» тыңнан екі ойыншы шығарды. Алайда армениялық ұжымға бұл да көмектеспеді. 49-ші минутта Топчагиш сол қапталмен шабуылдап, қақапа маңында тұрған Финонченкоға пас асырды. Андрей болса жойқын соққы жасап Ермаковқа мүмкіндік қалдырмады.

Енді бірде Қонысбаев қапталмен шабуыл жасап, ортаға әулетіп пас асырды. Допқа ұмтылыс жасаған Ермаков қақпасынан сәтсіз шықты. Алайда Киров бос тұрған қақпаны дәл көздей алмады.

Ойынның қалған уақытында таблодағы есеп мәні өзгермеді. Қарағандылық «Шахтер» екі кездесу қортындысы бойынша 6:1 есебімен келесі кезеңге өтті.

 

Еуропа Лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі

«Шахтер» - «Ширак» 4:0 (2:0)

Голдар: 12' Финонченко (1:0), 29' Қонысбаев (2:0), 45' Покривач (3:0), 49' Финонченко (4:0)

«Шахтер»: Мокин, Джидич, Малый, Масло, Симчевич, Вичюс, Қонысбаев, Покривач, Киров, Топцагич, Финонченко

«Ширак»: Ермаков, Кподо, Марикян, Оганесян, Акопян, Алексанян, Мурадян, Ли, Диоп, Дебле, Бугуи

Төрешілер:

10 шілде 2014 жыл. Орталық стадион. Қарағанды