Владимир Газзаев «Ақтөбенің» бас бапкері атанды, деп хабарлайды ақтөбелік клубтың ресми сайты.

Алдымен «Ақтөбенің» президенті Сағат Еңсегенұлы 34 жастағы маманды футболшылар, бапкерлер мен клуб қызметкелеріне таныстырды.

Газзаев-кіші осетиндік футболдың түлегі. Бапкерлік мәнсабын 2009 жылы «Алания» бас бапкерінің көмекшісі қызметімен бастады. Араға екі жыл салып Владимир владикавказдік клубтың тізгінін ұстады. Оның басшылығымен «Алания» ресейлік Премьер-лигаға шығып, бір жылдан кейін төменгі дивизионға қайта түсті. 2014 жылы «Алания» банкротқа ұшырады.