«Коринтианстың» бұрынғы бас бапкері Тите Бразилия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионатының жартылай финалында Германиядан 1:7 есебімен тас-талқан болып жеңілгеннен кейін «пентакампеондардың» бапкері Луис Фелипе Сколари осы қызметте қалар-қалмасын мундиаль біткен соң хабарлайтынын айтты.

Бұдан дейін Бразилия футбол федерациясының вице-президенті Делфим Пейшото команданың осылай жеңілгеніне Сколари кінәлі деп танып, оның жұмыстан босауы керектігін мәлімдеді.