АҚШ теннис қауымдастығы жүлдеқорының көбейгенін хабарлады.

25 тамыз бен 8 қыркүйек арасында өтетін ЮС Опен-2014 турнирінің жеңімпаздары 3 миллион доллар алады. Бұл былтыр АҚШ ашық чемпионатында топ жарған Рафаэль Надаль мен Серена Уильмстың тапқанынан 400 мың долларға көп.

Финалға дейін жеткен теннисшілер бір миллион 450 мың доллар еншілесе, бірінші айналымнан кері қайтқандар 35 750 доллар алады.