Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбенің» қорғаушысы Алексей Мулдаров жарақатынан айықты, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан».
- Жарақатымды емдедім, аяғым ауырмайды қазір. Алаңға шығуға дайынмын, - деп бастады Алексей.
- Жуырда ғана Владимир Никитенко қызметінен кетті. Қазіргі таңда, команданы кім жаттықтырып жүр?
- Андрей Мирошниченко мен Алексей Косолапов.
- Бас бапкердің орыннан кетуі ойыншыларға әсер етті ме?
- Мұндай жағдайлар өмірде болып тұрады. Жылы қоштастық ол кісімен.
- Жаңа бас бапкердің есімін айтқан жоқ па?
- Жоқ. Әлі айтқан жоқ.
- Алексей, командаңыз қатарынан бірнеше ойын жеңіліске ұшырап, бас көтере алмай келеді соңғы кезде. Бұған не себеп?
- Негізгі құрам ойыншылары өз ұлттық құрамаларына шақырту алып кішігірім жарақаттармен оралды. Сондықтан бар өнерін көрсете алмай жүр.
- Чемпиондар Лигасы аясында «Динамоға» қарсы кездесу өткізесіз. Ойыншылардың көңіл-күйі қандай кездесу қарсаңында?
- Құдайға шүкір бәрі жақсы. Ең бастысы - өткен ойындарды тезірек ұмыту. Жағдай оңалып кетеді дегенге сенемін.
- Пиззели мен Неко келесі ойынға қатыса ма?
- Иә, алаңға шығу керек. Бірақ, нақты айта алмаймын.
Комментарии