Голландия құрамасының ойыншысы Арьен Роббен Аргентинға қарсы өткен жартылай финалдық кездесуде жеңіліс тақаннан соң, финал туралы ойымен бөлісті.«Пенальти – бұл лотерея. Бақ шаба ма, бап шаба ма дегендей. Біз алаңда шапшаң қимылдап жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Осы жолы біздің жолымыз болмады.

Бір жағынан командамды мақтан тұтамын. Біз әлем чемпионатында жақсы ойнадық, биік нәтижеге қол жеткіздік. Мұндай жеңілістерді футбол бір бөлігі де есептеймін.Германия – әлем чемпионы болатынына күмәнім жоқ. Ал Аргентинада мүмкіндік жоқ», – деді Роббен.