Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Астана» клубына қарсы өткізетін кездесу алдында «Пюниктің» бас бапкері Саркис Овсепян ойын туралы пікірмен бөлісті.

- Саркис Рубенов алдағы болатын кездесу туралы ойыңыз қандай?

- Ойын өте қиын болатынын түсінеміз. Қос команданы салыстырсақ, бізде жас ойыншыларға басымдық берілген, ал қарсыластарымыздың сапында мықты футболшылар жеткілікті. Бірақ соған қарамастан, олар жасыл алаңға шығып, бар өнерлерін көрсетуге тырысады.

- «Пюниктің» келесі айналымға шығуға мүмкіндігі аз. Ойын алдында командаға не айтасыз?

- Қарсылас біздің сыйлатындай ойын көрсетіңдер деп айтамын.

- «Астана» сапындағы ең қауіпті ойыншыны атап бере аласыз ба?

- 10-ші нөмерлі ойыншы (Фокси Кетевоама) мен орталық жартылай қорғаушы, тегі бразилиялық сияқты (Рохер Каньяс). Міне осылар ойынға кез келген сәтте өзгеріс алып келе алатын футболшылар.

- Командаңыз кілең жас футболшылардан жасақталған, өткен жеңілістен кейін қандай күйде болды?

- Спортшы әркезде жеңілісті қабылдай білу керек. Олар жеңілісті ойдан шығарып, келер матчқа тыңғылықты дайындалуда.