Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Голландия құрамасына қарсы болатын Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі туралы ойымен бөлісті.

«Голландия екінші мәрте қатарынан жартылай финалға шықты. Сөзсіз ақтық кезеңге өтуге тырысады. Қарсылас ретінде Голландия құрамасы сый-құрметке лайық. Бізге қарсы кездесуде олар өте белсенді қимылдайды. Сондықтан ең бастысы өз қақпамызға гол жіберіп алмауымыз қажет», – деді Месси.