«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа Лигасының іріктеу кезеңініндегі «Пюникке» қарсы кездесу алдында тілшілердің сұрағына жауап берді.

- Станимир, алдағы ойыннан не күтесіз?

- Бірінші кезекте менің шәкірттерімнің Ереванда өткен кездесудегі есепті ұмытқанын қалаймын, әйтпесе матч басқаша бағытпен өрбитіні сөзсіз. Ертең жақсы ойын өрнегін көрсете аламыз деп сенемін.

- «Астана» іріктеу кезеңінде неше турды бағындыра алады?

- Алдымен қазіргі қарсыласымызды қалай өтетінімізді ойластыруымыз қажет. Сосын барып келер ойындарға дайындалу керек. Сапалы ойнасақ, нәтиже де болады.

- Жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Нұрдәулетов екі ай бойы алаңға шыға алмады. Жуков жарақатының салдарына байланысты ойынға қатыса алмайды. Бірақ қосал құрамға кез келген ойынша олардың орнын баса алады.

- Егерде Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықсаңыздар, Ел біріншілігінен бұрын Еурокубоктерді басты назарда ұстайсыздар ма?

- «Левскиді» жаттықтырғанда дәл осындай жағдайға тап болғанмын. Ол кезде біз аптасына екі мәрте ойнап, Еуропа Лигасының ширек финалына дейін жеткенбіз. Еуропада көпшілік командалар осылай тығыз ойнайды. Футболшылар да осыған үйрене бастауы қажет. Бір жарыс үшін екінші жарысты назардан тыс қалдырғым келмейді. Әр қайсысында тек жеіс үшін ойнайтынымыз анық.