Чилилік Алексис Санчестің «Арсеналға» ауысқанын «канонирлердің» бас бапкері Арсен Венгер айтты, деп мәлімдеді talkSport.

Венгердің айтуынша, Алексис Санчестің трансфері туралы жаңалық бүгін хабарланады. Лондондықтар чилилік шабуылшы үшін «Барселонаға» 35 миллион еуро берді. Ал келісім-шарт 4 жылға жасалған.