УЕФА Еуропа лигасының қарымта матчы алдында «Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков Тоқтар Жаңғылышбайдың жарақатына алаңдап, «кеншілер» есепті ұстап қалуға тырысатынын айтты.

 – Виктор Балютович, «Шахтер» «Ширакке» қарсы кездесуге дайын ба?

 – Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр, бәрі біз жоспарлағандай. Өткенде ойнағандардың бәрі де дін аман. Өкінішке қарай, Тоқтар Жаңғылышбай жарақат алды. Ол жаттығудан кейін қалып, соққысымен жұмыс жасауға шешім шығарған. Сөйтіп қайта жарақаттанып қалды. Ол туралы әлі ештеңе белгісіз. Оны қарап, тексеру қажет.

 – Бірінші матч «Шахтердің» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды, ал бұл сырт алаңдағы ойын үшін жақсы нәтиже. Босаңсу немесе қарсыласты бағаламау болмай ма?

 – Жеке өзімде жоқ. Ойыншыларда да. Біз олармен қашан да сөйлесеміз. Оның үстіне, «Ширак» жақсы команда және ойын оңайға соқпайтыны анық. Бізді уақытынан бұрын жеңіске жетті деп ойлайтын жалғыз жанкүйерлер ғана. Ал команда ойынның маңыздылығын түсінеді, біз оған тиісінше дайындалып жатырмыз. Бұл «Пюник» секілді жас команда емес, «Ширакта» бірнеше легионер ойнайды, тамаша футболшылары мен керемет инфрақұрылымы бар. Оның үстіне, армениялық клуб үшінші кезеңге дейін өтуді мақсат қылып отыр. Бірінші ойында есептің 2:1 болғанына қарамастан, біз қатты дайындалып жатырмыз. Бұл сенімсіз басымдық екенін мойындаймын.

 – Өткен ойында армениялық клубтың футболшылары «Шахтерді» бірнеше рет «кешірді», олардың бір-екі гол салатын мүмкіндігі болды. Бұл жолы «Ширак» футболшыларының ішінде кім қауіп төндіруі мүмкін?

  - Иә, дұрыс айтасыз, бұл жақта кез-келгені соғуы мүмкін. Олар қорғаушыларымыз қателескен тұста екі рет бірге-бір шықты, алайда, Құдайға шүкір, қақпашымыз құтқарып қалды. Біз «Ширакты» көп білмегендіктен, қорғаныста көп қате жібердік. Түсінесіз бе, Армения чемпионаты басталмаған соң, олардың ойынын зерттеу үшін өткен маусымдағы матчтарын қарадық. Енді «Ширактан» не күтуге болатынын білеміз. Сонымен қатар, ойын тау арасында болғаны да әсер етті: доп тезірек ұшады, демалу қиын. Қарсыласымыздың сапынан біреуді ерекше айта алмаймын, ол жақта барлығынан да қорқу қажет. Оларда қиындық тудыра алатын керемет ойыншылар өте көп, жақсы алдап өтеді, пас беріп, шабуылды аяқтай алады. Сондықтан кез-келгенінен қорқу керек.

 «Шахтер» есепті ұстап қалуға тырыса ма, жоқ әлде бірден алға ұмтыла ма?

 – Есепті ұстап қалуға тырысамыз. Келесі кезеңге өтуіміз керек қой. Оның үстіне, апта соңында «Қайратпен» ойнауымыз қажет. Бұл матч алты ұпай үшін таластан тұрады. Сол кездесуді де ойға алып отырмыз.

 – Сізді «Қайрат» – «Ақтөбе» кездесуінің есебі таңқалдырды ма?

 – Бразилия – Германия матчы секілді. Футболда осындай жағдай болады, біреуінің тасы өрге домасала, екіншісінің ойыны жүрмей қалады. «Ақтөбе» сонша нашар ойнады деп айта алмаймын, жай ғана мұндай жайттар болып тұрады. Арасында осындай нәтижелерді күтіп тұру қажет.

Ертең шабуылда кім ойнайды?

– Топчагич. Бірақ ол жақта шабуылда ойнайтын футболшылар көп болады: Финонченко, Қонысбаев және тағысын тағы.