Трансфер уақытының жабылатын күнінде «Астана» және «Атырау» футбол клубтарының араснда ойыншылар алмасты.

Енді «мұнайшылардың» камерундық жартылай қорғаушысы Стефан Ги Эссаме елордалық клубтың сапында ойнайды, ал Марат Шахметов атыраулықтардың сапына ауысты.

Эссаме «Атыраумен» бірге 18 матчқа қатысып, екі рет көзге түсті. Камерундық бұған дейін «Боавишта», «Терек», «Нижний Новгород» және «Неман» клубтарын намысын қорғады. Камерун ұлттық құрамасында 3 рет ойнаған.  

Эссаме елордық клубта 25-нөмірмен ойнайды.