Трансфердің жабылар күні «Астана» қатарына бір ойыншыны қосты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Клубқа Гананың жас форварды Патрик Твумаси келіп қосылды. Футболшының соңғы клубы пермдік «Амкар» болды. Ресейлік клубтың сапында алты ойынға қатысқан. Енді Твумаси «Астанаға» жалға берілді, ол 18-ші нөмірмен ойнайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Патрик былтырғы маусымда да «Астананың» намысын қорғады, сол кезде 11 ойында алаңға шығып, 6 голмен көзге түсті.