Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский туған қаласы Алматыға 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге талас барысында сәттілік тіледі.

«Алматы, Осло мен Пекин - 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге басты үміткерлер. Туған қалам Алматыға, жерлестеріме жеңіс тілеймін. Үміт бар», - деп жазды Жириновский Twitter-дегі парақшасында.

 Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың жазында 2022 жылғы қысықы Олимпиаданы өткізетін ел анықталады.