Ресейлік «Рубин» клубының бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыев «Ақтөбені» жаттықтырмайды, деп мәлімдейді sport.nur.kz.

Бердыевке бірнеше елден ұсыныстар түскен, бірақ оның ішінде Қазақстан жоқ. Негізінен Батыс Еуропа мен Украина клубтары ұсыныс жасаған. Әсіресе ресейлік маманға киевтік «Динамо» қызығушылық танытуда. Құрбан Бердыевтің жаңа клубы жақын арада белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе»  Владимир Никитенконың соңғы кездесулерде көрсеткен сүреңсіз ойындарынның кесіренен қызметінен кетті.