Кот-д’Ивуар футбол федерациясының басшылығы ұлттық команданың бапкерлік қызметіне кандидаттарды қабылдайтынын жариялады.

Ұсыныстар14 шілдеге дейін candidature@fif-ci.com электронды пошта арқылы қабылданады. Бас бапкер лицензия талаптарына сай болу қажет, халықаралық тәржірибесі болуы, Кот-д’Ивуарда тұрып, француз тілін жетік меңгеруі керек.

Ұлттық құраманың тізгінін ұстаймын деушілер жігерлендірерлік хат жіберуі тиіс, оны атқарушы комитет тексереді. Финалдық отырыста бес кандидатур қаралады.

Кот-д’Ивуар құрамасының бас бапкерлік қызметі Сабри Лямушидің орнынан кеткенінен кейін бос қалды. Оның басшылығымен ивуарлар әлем чемпионатында 3 қана ұпай жинап, топтан шыға алмады.