Германиялық «Кельн» футбол клбының президенті Вернер Шпиннер команданың бұрынғы атақты ойыншысы Лукас Подольскидің ойын нөмірін ешкімге бермейтінін айтып, сөз берген еді.

Алайда Бундеслиганың жаңа командасы 10-шы нөмірлі жейдені Патрик Хельмеске берді.

«Лукасқа бұл ақпаратты герр Шпиннер электрондық пошта арқылы хабарлады. Бізді уәдесінен тайғаны қатты таңқалдырды, оның үстіне, осындай ұятсыз түрде. Бұл біз үшін түсініксіз шешім болды. Бірақ Лукастың клубқа деген көзқарасы басшылықтың осы жайтарынан кейін өзгермейді», - деді ойыншының агенті.

Ал футболшының өзі бұл ақпарат турасында мәлемдеме жасамады.