7-ші шілде күні «Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі аяқталды. Бұл кезең қорытындысы бойынша «Астана» капитаны Винченцо Нибали өзінің көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Кембриджден Лондонға созылған 155 шақырым жол юіріңғай тегіс, сондықтан бұл жолы спринтерлер жарыс жолына шықты. Мәре сызығын бірінші болып Giant-Shimano шабандозы неміс Марсель Киттель кесті. Оны ізімен Cannondale командасының велошабандозы словакиялық Петер Саган келді. Үздік үштікті Omega Pharma-Quickstep шабандозы аустралиялық Марк Реншоу түйіндеді.

«Астана» капитаны Винченцо Нибали бірдей уақытты көрсетіп, өзінің сары жейдесін сақтап қалды.

 

«Тур де Франс» велододасы. Үшінші кезең қорытындысы

1. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 09:52:43

2. Петер Саган (Словакия, Cannondale) – + 0:02

3. Грег ван Авермет (Бельгия, BMC Racing) – +0:02

4. Михаэль Альбазини (Швейцария, Orica Greenedge) – +0:02

5. Кристофер Фрум (Великобритания, Sky) – +0:02

6. Бауке Моллема (Нидерланды, Belkin) – +0:02

12. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – +0:02

24. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – +0:16

51. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – +1:40

57. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – +3:40

92. Льюве Вестра (Нидерланды, Astana Pro Team) – +11:36

126. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – +15:53

129. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) – +15:53

151. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – +17:05