ФИФА-ның тәртіп комитеті Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймардыарқасынан тепкені үшін Колумбияның қорғаушысы Хуан Суньиганы жазаламауды жөн деп тапты.

88-минутта колумбиялық қорғаушы Неймардың беліне тізесімен соққы жасады. Ойын тәртібін бұзған ойыншыға арбитр ауызша ескерту жасады, ал Неймар алаңнан өз аяғымен кете алмады. Ойыннан кейін футболшы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер үшінші бел омыртқасының сынғанын айтты. Ойыншының жазылуына 4-8 апта қажет. Бразилия футбол конфедерациясы колумбиялық футболшыны бірнеше матчқа жазалау керек деген арыз жазды. Алайда тәртіптік бақылау комитетінің өкілдері бұл арызға қол қоймады.

Естеріңізге сала кетсек, сейсенбіде әлем чемпионатының жартылай финалында Бразилия құрамасы германиялықтарға қарсы ойнайды.