Атыраулық «Бейбарыс» өз сапына екі словениялық хоккейшіні қосты – шабуылшы Луку Башич пен қақпашы Матью Пинтарич. Бұл туралы атыраулық клубтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Лука Башич өткен маусымда «Астананың» намысын қорғады, елордалықтардың сапында 35 ойынға шығып, 17 (9+8) ұпай жинады. Сонымен қатар, ойыншы Олимпиада-2014-ке іріктеу турнирінде Словения құрамасына шақыртылды.

2013/2014 жылғы маусымды Матья Пинтарич швециялық бірінші дивизионда ойнайтын «Олофстрем» командасында ойнады. Швециялық клубпен бірге 33 матчта айдынға шығып, соққылардың 91,2%-ын кері қайтарды. Әр ойында орта есеппен 3, 03 шайба жіберді.