Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Анхель ди Мария осы жазда «Пари Сен-Жерменнің» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Goal.com.

Франция чемпионы аргентиналық үшін «корольдік клуб» сұрап отырған 60 миллион еуро беруге дайын. Сонымен қатар, ди Марияға «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытты, алайда қаржы жағынан англиялықтар француздарға қарсылас бола алмайды.Анхель ди Мария 2010 жылдан бері «Реал» сапында Испания чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Сонымен қатар, екі рет Испания кубогында жеңімпаз атанды.