Андрей Голубев Штутгартта өтіп жатқан ATP World Tour 250 Mercedes Cup додасының екінші кезеңіне шықты.

Алғашқы айналымда Голубев екі сетте неміс теннисшісі Филип Петцшнерді жеңді – 6:4, 6:1.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы әлемнің 15-ші ракеткасы итальяндық Фабио Фоньини.