Технологиялық гигант Google ғаламторда көп ізделген футболшылардың тізімін жасады.

Google-дың виртуалды командасына кіргендер:

Қақпашы: Гильермо Очоа (Мексика құрамасы);

Қорғаушылар: Маркос Роха (Аргентина), Жерар Пике (Испания), Давид Луиз (Бразилия), Ацуто Утида (Жапония);

Жартылай қорғаушылар: Арьен Роббен (Голландия), Бастиан Швайнштайгер (Германия), Андреа Пирло (Италия);

Шабуылшылар: Криштиану Роналду (Португалия), Лионель Месси (Аргентина), Неймар (Бразилия).

Бұл сараптама 12 маусым мен 7 шілде арасында ізделген ойыншылардан құралған.

Тізімде Роналду мен Месси көшбасшы атанды. Ал бапкерлер арасында көп ізделген АҚШ құрамасының жаттықтырушысы Юрген Клинсманн болды.