Катар елінің клубы «Лехвия» каталондық «Барселона» ойыншысы Хавиге кызығушылық танытуда, деп хабарлайды football.ua сайты.

Marca агенттігінің хабарлауынша, клубтың бас бапкері Микаэль Лаудруп каталондық «Барселона» футболшысы испаниялық Хави Эрнандеске қызығушылық танытып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсстің ұлы «Лехвия» сапында өнер көрсетеді.

Ал Хавидің өзі осыған дейін клубтардың ұсынған келісімшартынан бас тартқан. Олардың ішінде: арабиялық «Аль Араби» пен «Аль Яиш», америкалық «Нью-Йорк Сити» бар.