Еуропа Лигасының алғашқы кездесуінде «Астана» қарсы алаңда жергілікті «Пюник» 4:1 есебімен жеңген болатын. Команданың белді ойыншысы Фокси Кетевоама алдағы ойын туралы пікірімен бөлісті.

«Астана» Еуропа Лигасының келесі кезеңіне шықты деп нық сеніммен айта алмаймыз, өйткені біз тек бір матч өткіздік, енді алдағы болатын қарысмта ойынға тыңғылықты дайындалу керек.

«Пюник» жас команда болғанымен, әркез тосынсый жасауға дайын. Сапында мықты ойыншылар жетерлік. Бірақ біз өткен кездесуге қарағанда жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысамыз. Не дегенмен өз алаңымызды, жанкүйерлеріміздің алдында ойнаймыз» - деді Кетевоама клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.